Әлемдегі ең үлкен ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайына дүниедегі ең үлкен Ан-225 «Мрия» ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдегі ең үлкен ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды

Украинадан шыққан ең үлкен жүк ұшағы Алматы әуежайына жанармай құюға тоқтады.

Борт Қытайдың Тяньцзинь әуежайына COVID-19 қарсы күрес құралдары мен медициналық құрал-жабдық алу үшін аттанған.

Тяньцзиньнен Алматыға транзит арқылы Польшаға ұшады.

«Әлемдегі ең ірі жүк көлігі Қытайдан 7 млн Р2 маскасы мен жүз мыңдаған қорғаныс костюмдерін жеткізбек. Жеткізу операциясын KGHM Polska Miedź және Grupa Lotos польшалық компаниялары ұйымдастырып отыр»,- деді әуежайдан.

Мрия ұшағы 1988 жылы Киевте жасалған. Әлемде мұндай ұшақ әзірге біреу-ақ.

Украина көлік стратегиясы орталығы хабарлағандай, бұл - алып ұшақтың 2018 жылғы күзден бергі бірінші сапары.

Польшалық БАҚ хабарлауынша , әлемдегі ең ірі жүк көлігі Варшаваға 14 сәуір таңғы 09.30-да жетеді.