Әлемдегі ең ұзақ жасаған қоңыр аю өлді

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Грекиялық «Арктурос» экологиялық ұйымының қызметкерлері әлемдегі ең кәрі аюдың табиғи себептермен өлгені туралы хабарлады.
None
None

Андреас атты жыртқыш аң биылғы жылдың басында жарты ғасырды еңсеріп, ең ұзақ жасаған аю атанған.

«Арктуросқа» Андреас 1953 жылы жеткізілген. Аң аталмыш ұйымның алғашқы мейманына айналды. Бұл экологиялық ұйым қоңыр аюларды құтқаруға және зерттеуге мамандандырылған. Атақты аюдан айырылған мамандар тағы 10 аңға бас-көз болып отыр.

Соңғы жаңалықтар