Әлемдегі ең үздік мейрамхана анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Копенгаген қаласындағы Noma мейрамханасы әлемдегі ең үзік мейрамханалардың бірі болып танылды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Мейрамхана өзінің испаниялық бәсекелесі Жиронадағы El Celler de Can Roca мейрамханасын басып озып, The World's 50 Best Restaurants Awards рейтингі бойынша алғашқы орынға шықты. Тізімді жасау кезінде 900-ден астам сарапшылардың пікірі есептелді.
Noma мейрамханасын белгілі аспаз Рене Редзепи басқарады. Бұл мекеме 2010, 2012 жылдары әлемдегі ең үздік мейрамханалардың қатарында болған.
Үшінші орында Osteria Francescana (Италия), төртінші Eleven Madison Park (АҚШ) мейрамханалары тұр. сондай-ақ үздік ондыққа британдық екі мейрамхана Dinner by Heston Blumenthal (5-орын) және The Ledbury (10-орын) еніп отыр.
ТОП-10 қатарында испандық үш мейрамхана, бразилиялық D.O.M. мейрамханасы (7-орын), америкалық Alinea (9-орын) бар.