Әлемдегі ең ұзын адам үйленді

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ұзын адам - Түркияның 30 жастағы тұрғыны Сұлтан Кесен (бойының ұзындығы 2,5 метрден асады) үйленді.

Әлемдегі ең ұзын адам үйленді

Ал оның жұбайының жасы 20-да және бойы одан 78 см-ге аласа, деп жазады The Daily Mail.

Фермер Кесен өзіне қалыңдықты ұзақ жылдар бойы іздеген. Себебі көбі бойының ұзындығынан қорықса керек. Болашақ жарын ол футбол алаңында жолықтырған.