Әлемдегі ең ұзын баспалдақ көпшілік үшін жылына бір рет ашылады
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ұзын баспалдақ Швейцариядағы Берн Альпісінде. Ол Шпиц қаласына жақын маңдағы Низен тауында орналасқан.
11674 басқыштан тұратын баспалдақ бастапқыда тауға көтерілу үшін салынған.
Баспалдақ 1669 метрге дейін көтеріледі. Ал ең жоғары нүктесі тау жолының соңғы тоқтайтын жері іспеттес, ол теңіз деңгейінен 2362 метр биіктікте орналасқан.
Ол жерден Альпі, Тунск және Бриенцк көлдерінің ғажайып көрінісін тамашалауға болады, деп хабарлады Euromag.
Алайда Низен баспалдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында көбіне халық үшін жабулы тұрады. Ол жылына бір рет Niesen Stairway Run тауына көтерілу бойынша жарыстар өткен кезде ашылады.
Соңғы рекордты орнатқан адамға әлемдегі ең ұзын баспалдақты бағындыру үшін 62 минут қажет болған. Әйелдер арасындағы рекорд 69 минутты құрады.