Әлемдегі ең ұзын мысық анықталды

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Невада штатының батысында тұратын мысық әлемдегі ең ұзын үй мысығы деп танылды. Мейн-кун тұқымына жататын Стьюи атты мысықтың көрсеткіштері Гиннестің рекордтар кітабына енгізіліп отыр.

Әлемдегі ең  ұзын   мысық   анықталды

Оның мұрнының ұшынан бастап құйрығының ұшына дейінгі ұзындығы 123 сантиметрді құрады.

Айта кету керек, мейн-кун тұқымдас мысықтар әлемдегі ең ірі үй мысықтары саналады.