Әлемдегі ең жарық галактика жойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең жарық W-2246 галактикасының тербелісті (турбулентті) болғаны соншалық, ол көп ұзамай жойылады.Испаниялық Танио Диас-Сантос бастаған чилилік астрономдар тобы осындай тоқтамға келді, деп хабарлады БЕЛТА.

Әлемдегі ең жарық галактика жойылады

«Галактиканың ретсіз болғаны соншалық, ол тіпті өзін жойып жатыр», - деді Диас-Сантос баспасөз мәслихатында.

Ол ALMA телескопының көмегімен байқалған. W-2246 галактикасы Жерден 12,4 млрд жыл қашықтықта орналасқан. Ақпараттық агенттіктер жазғандай, оның жарықтығы Күннің жарықтығынан шамамен 300 трлн есе артып түседі.