Әлемдегі ең жасамыс миллиардер Швейцарияда 102 жасында қайтыс болды

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең жасамыс миллиардер Уолтер Хефнер Швейцарияда қайтыс болды.

Әлемдегі ең жасамыс миллиардер Швейцарияда 102 жасында қайтыс болды

Бұл 19 маусым күні болған, алайда ол жөнінде тек бүгін ғана белгілі болды. Автомобильдер сатумен айналысатын ол негізін қалаған компанияның сайтында оның «ұзақ және қызықты өмір сүріп» көз жұмып болғаны айтылады.

 «Форбс» журналының нұсқасы бойынша, әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде швейцариялық азамат 248-ші орында тұрған. Ал Швейцарияның өзінде одан көп ақшамыз бар деп тек екі адам мақтана алатын.

 Шамамен 4,3 млрд. долларға бағаланатын байлығын Хефнер Швейцарияға автомобильдерді импорттаудан тапты. Бұдан бөлек, ол ақпараттық технологиялар саласындағы бизнеспен айналысты - Хефнерде американдық «CA Technologies» бірлестігі акцияларының ең үлкен үлесі бар еді.