Әлемдегі ең жоғары еңбекақы төленетін спортының есімі аталды
ВАШИНГТОН. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат – Forbes құрастырған жыл қорытындысы бойынша ең жоғары еңбекақы төленетін спортшылардың тізімін сегізінші рет қатарынан Тайгер Вудс бастап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Өткен 12 айда атақты гольф ойыншысы 110 миллион доллар табыс тапты. Рейтингіге спортшының жыл ішіндегі барлық табыстары, еңбекақысы, жүлделері, жарнамалық келісімшарттардан тапқан пайдасы, теледидар мен кинодағы табыстары және басқа да кірістері қосылған.