Әлемдегі ең жылдам жүгіретін футболшының есімі аталды
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - «Реалдың» және Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду әлемдегі ең жылдам жүгіретін футболшы болып табылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Португалдық аяқдопшы 33,6 шақырым/сағат жылдамдықпен жүгіре алады. Бұл көрсеткіш өзімен құйрық тістесіп келе жатқан, бұған дейін алдына қара салмаған «Баварияның» және Голландия құрамасының шабуылшысы Арьен Роббеннен 0,7 шақырым/сағат артық.