Әлемдегі қала халқының тек 12 пайызы ғана таза ауамен демалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі қала халқының тек 12 пайызы ғана таза ауамен демалады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеуде айтылған.

Әлемдегі қала халқының тек 12 пайызы ғана таза ауамен демалады

Ұйымның мәліметінше, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының бір текше метр ауасында 33 микрограмм зиянды заттар бар. Бұл жөнінен аталған қаламен қатар Ресей астанасы Мәскеу және Венгрия астанасы Будапешт тұр. Ауасы ең лас елдердің жиырмалығына сонымен қатар Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Иран және Бахрейн кірген.

Ал АҚШ-тың басқа қалалары мен Австралия және Канада қалалары ең таза қалалар қатарында.