Әлемдегі коронавирус: Чилиде жасөспірімдерден вакцинация сертификаты талап етіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чилиде жасөспірімдер қоғамдық орындарға барса вакцинация сертификаты талап етіледі, Арменияда маска режимі қайтарылды, Қытайда эпидемияға қарсы шаралар күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомсвтоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Әлемдегі коронавирус: Чилиде жасөспірімдерден вакцинация сертификаты талап етіледі

Арменияда 1 қарашадан бастап далада, ашық ауада бетпердені міндетті түрде тағу режимі енгізіледі. Арменияда коронавирустың таралуына байланысты жағдай өте шиеленісіп кетті, ауруханаларда инфекция жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты бос орын қалмаған, жүздеген пациент ауруханаға жату үшін кезек күтіп отыр.

Бейжің COVID-19 жүұқтырған жаңа жағдайлар анықталғаннан кейін эпидемияға қарсы шараларды күшейтті. Чанпин ауданының билігі 23 ұйымның - дәріхана, шаштараз және басқа да қоғамдық орындардың эпидемияға қарсы шараларды сақтамағаны үшін жұмысын тоқтатты.

Хайдян ауданының билігі дүйсенбіден бастап 3 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялауды жоспарлап отыр.

Чилиде 1 қарашадан бастап 12 жастан асқан жасөспірімдерге ел ішінде және қоғамдық орындарға бару үшін вакцинация сертификаты қажет болады. Қазір құжат тек ересек адамдардан ғана талап етіледі.