Әлемдегі машиналардың төрттен бірі ұялы телефонмен басқарылатын болады
АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат - 2016 жылы әлемдегі сатылған барлық автокөліктердің 25 пайыздан астамы борт жүйесін ұялы телефоннан немесе басқа да мобильді құрылғыдан қашықтықтан басқарылатын болады,
деп хабарлайды Utro.ru басылымы.
Қазіргі уақытта мұндай өзгерістерді тек кинолардан ғана көріп жүрміз, бірақ 2010 жылы әлемде осындай басқару жүйесімен 85 мың автокөлік сатылады, 2014 жылы бұл көрсеткіш - 7 миллионға, 2016 жылы 20,7 миллионға жетпек.