09:16, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Әлемдегі мұнай бағасы күрт жоғарылады
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Әлемдегі мұнай бағасы күрт көтерілді. АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша,

кеше, сәрсенбі күнгі саудалардың қорытындысы бойынша АҚШ-ғы Keystone мұнай құбырының іске қосылуына байланыcты әлемдегі мұнай бағасы айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, Нью-Йорктегі NYMEX шұғыл тауар биржасындағы WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 2,06 долларға көтеріліп, баррелі 104,10 долларды құраған.