Әлемдегі сөйлейтін алғашқы смартфонның құны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониялық Sharp компаниясы шағын робот стилінде жасалған смартфон шығарды. Бұл смартфон жүре алады және жасанды зердесі бар, деп хабарлады The Verge.

Әлемдегі сөйлейтін алғашқы смартфонның құны белгілі болды

Смартфон дауыспен басқарылады. Ол Android 5.0 арқылы жұмыс істейді.

Робохон деп аталатын смартфон құны $1,8 мың болмақ. Жапонияда алдын ала тапсырыс бере бастады. Аппараттар 26 мамырдан сатыла бастайды.