Әлемдегі тұңғыш 8К-теледидардың бағасы 133 000 доллар болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Sharp корпорациясы 8К (бұл 7680х4320 нүкте, шамамен 33,2 мегапиксель) фантастикалық және бірегей мүмкіндігі бар әлемдегі ең бірінші LV-85001 теледидарын шығаруға дайын екенін жариялады.

Әлемдегі тұңғыш 8К-теледидардың бағасы 133 000 доллар болмақ

Жаңа теледидардың бағасы да белгілі болды - 133 000 АҚШ доллары.

Теледидардың сипаттамалары мен релизін компанияның ресми сайтынан зерттеуге болады.

Sharp LV-85001 жаңа теледидарын «кәсіпорындар үшін бір ретте көп ақпаратты көрсетуге болатын құрал» ретінде таныстырып отыр.

Жапонияда бұл гаджет ағымдағы жылдың 31 қазанынан бастап, CEATEC ұлттық электроника көрмесінен кейін сатылымға шығарылады.