Әлемдегі тұңғыш ғарышкер әйел 80 жылдығын атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Әлемдегі алғашқы ғарышкер әйел, Кеңес Одағының Батыры Валентина Терешкова 2017 жылғы 6 наурызда мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Әлемдегі тұңғыш ғарышкер әйел 80 жылдығын атап өтуде

Валентина Терешкова Ярослав облысында шаруа отбасында дүниеге келді. Әкесі Владимир Терешков тракторшы  болған, ол кеңес-фин соғысында қаза тапты. Бұл кезде  қызы үш жасқа да толмаған еді. Анасы - Елена Федоровна  тоқыма фабрикасының жұмыскері болды. 74 жыл өмір сүріп, кіші қызы Валентинаның дүние жүзіне танымал болғанының да куәсі болды.
1  

Кеңес ғарышкерлерінің сәтті ұшырылымынан кейін Сергей Королевта ғарышқа әйел ғарышкерді ұшыру идеясы пайда болады. 1962 жылдың басында парашютші, жасы 30-ға толмаған, бойы - 170 см, салмағы 70-ке дейін деген талаппен үміткерлер ізделеді. Жүздеген үміткер ішінен бесеуі таңдалады, олар: Жанна Ёркина, Татьяна Кузнецова, Валентина Пономарёва, Ирина Соловьёва және Валентина Терешкова. Терешкова  қалған қыздармен бірге ғарышкерлер жасағына қабылдағаннан кейін бірден  қатардағы жауынгер атағына жедел әскери қызметке шақырылды.
2  

Ғарышқа ұшатынын оның туыстары радиодағы жаңалықтардан білді. Ұшырылымнан кейін бірнеше айдан соң Терешкова ғарышкер Андриан  Николаевқа тұрмысқа шықты. 1964 жылы 8 маусымда  қызы Елена Андрияновна дүниеге келді. Екінші күйеуі медицина қызметінің генерал майоры, Орталық травмотологиялық және ортопердия институтының директоры Юлий Шапошников (1931-1999) болды. Терешкованың қызы Елена дәрігер.
3  
4