Әлемдегі тұңғыш рет түсірілген түрлі түсті фильм табылды
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Брэдфорд қаласындағы БАҚ және технологиялар ұлттық мұражайынан әлемде тұңғыш рет түсірілген түрлі-түсті фильмнің көне таспасы табылды.
Оны ағылшын өнертапқышы Эдвард Рэймонд Тернер 1899 жылы түсірген әрі оған патент те алған. Ал бұған дейін алғашқы түрлі-түсті фильм деп 1909 жылы Kinemacolour аталатын әдіспен түсірілген бейнематериал саналатын. Енді Тернердің осы туындысы түрлі-түсті фильмдер тарихын бірнеше жылға артқа салып отыр, деп хабарлайды Утро. ру.