11:48, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Әлемдегі үлкен «қаржы пирамидасының» авторын 150 жыл түрме күтіп тұр
ВАШИНГТОН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Әлемдегі үлкен «қаржы пирамидасының» негізін қалаушы Бернард Мэдоффты 150 жыл түрме күтіп тұр. Сот оны кінәлі деп танып, үкім шығарған жағдайда, Бернард Мэдофф осындай ұзақ мерзімге бостандығынан айырылуы мүмкін,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Оған заңсыз табылған ақшаны кәдеге асыру, құнды қағаздармен жасалған айла-шарғылар жасау, алаяқтық жасау, жалған куә болу және т.б. фактілер бойынша, барлығы 11 тармақ бойынша айып тағылуда. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдың желтоқсан айында АҚШ-та белгілі қаржыгер, NASDAQ биржасы директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және Bernard L.Madoff Investment Securities.
инвестициялық компаниясының негізін қалаушы Б.Мэдофф басқарған үлкен «қаржы пирамидасы» әшкереленген болатын. Б.Мэдоффтың алаяқтық әрекеттерінен орын алған инвесторлардың шығыны 50 миллиард долларға бағаланып отыр. Шығынның нақты сомасы әзірге белгісіз. Компания инвесторлары 2009 жылғы маусымның 2-сіне дейін Б.Мэдоффтің компаниясының үстінен шағым-арыздар беруге құқылы. Американдық «Мавроди» қазір үйқамақта отыр.