Әлемдегі жабайы алмалардың жартысына жуығы Алматы облысында өседі

ХVIII ғасырда Орта Азияға сапары барысында жабайы алмаларды алғаш зерттеген неміс ғалымы Иоганна Сиверстің құрметіне ғылыми ортада «Сиверс алмалары» атанған алма түптерін кейін қазақ академигі Аймақ Жанғалиев жалғастырып, «Сиверс» алмасының 40 түрін анықтап, ғылыми сипаттама берген.
Францияның Бас консулы Патрик Ренар, Іле және Жоңғар Алатауы қорықтарындағы алма бақтарында зерттеу жүргізген франциялық белгілі биолог-ғалым, өз еліндегі «Алма» қауымдастығының президенті Кэтрин Пэкс, «Беннетон» қорының директоры Марко Томаро (Италия) жабайы алмаларды зерттеу барысындағы жетістіктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, шетелдік меймандар БАҚ өкілдеріне жабайы алмалар көлемінің 48 пайызы орналасқан айрықша аймақ - Жетісу өлкесіндегі генетикалық қордың сақталуы, оны дамыту туралы және табиғаттың бұл байлығын пайдалана отырып туристік әлеуетті көтеру жолдарын әңгімелеп берді.