Әлемдегі жасанды жүрегі бар алғашқы адам қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда әлемде алғаш рет жасанды жүрек орнату отасы жасалған адам қайтыс болды. Ол жүректің бионикалық протезімен небәрі 75 күн өмір сүрген, деп хабарлайды Утро.ру.

Әлемдегі жасанды жүрегі бар алғашқы адам қайтыс болды

Париждің Жорж Помпид атындағы госпитальдің дәрігерлері 76 жастағы ер адамның өліміне не себеп болғанын әзірге айтпай отыр.

Жалпы, өткен жылы әлемдегі жүректің бионикалық протезін ауыстыру отасы париждік Жорж Помпид атындағы госпитальдің дәрігерлерімен жүзеге асырылған болатын. Сол кезде ақ халаттылар ота сәтті өткенін және жасанды жүректің қызметі жақсы әрі қалыпты екенін мәлімдеген-ді.

Биоматериалдардан жасалған жүрек протезін Carmat компаниясы әзірлеген болатын. Ол адам жүрегі сияқты жұмыс істеп, физикалық жүктемелерді көтере алады. Сондай-ақ ол адам ағзасында бес жыл бойы жұмыс істейді.