Әлемдегі «жасыл» энергияға көшетін алғашқы арал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниядағы бір арал толықтай экологиялық энергия көздерін пайдалануға көшпек. Әңгіме Канарлық архипелагтың кіші аралы - Эль-Йерро жайында болып отыр. Нақ осы жер жаңартылған энергия көздерін пайдалантын әлемдегі жалғыз өңір болмақ.

Әлемдегі «жасыл» энергияға көшетін алғашқы арал

Биылғы жылы аралда жұмысқа тек су мен желді пайдаланатын энергия стансасын іске қосуды жоспарлауда, деп хабарлады ЕуроБАҚ.

"Горона-де-Бьенто" деп аталатын бұл станса жаз айында жұмысын бастауы тиіс, бірақ баламалы энергия көзіне біртіндеп көшпек. Ең дегенде, бұл осы жылдың аяғында іске қосылуы мүмкін. Яғни, Арал тұрғындары (11 мың адам) «жасыл» деп аталып кеткен энергияны пайдаланатын болады.

Жоба авторлары қол тумаларына сенімді, олар станса жоспарланған жүктемені көтеруге толық қабілетті деп санайды. Стансаның 2 турбина кешені бар. Біреуі су ағынымен, екіншісі желдің күшімен жұмыс істейді. Ал оның жиынтық қуаты - 23 Мвт. Бұл мөлшер аралға қажетті барлық жүктемеден үш есеге көп.

Жаңа стансаны жобасының құны 80 млн. еуроны құрайды. Жұмсалған шығын өзін табиғи энергияны 20 жыл пайдаланғаннан кейін ақтауы тиіс.