Әлемдік БАҚ «Аstana Motorsport» командасы туралы жақсы бәсекелес ретінде жаза бастады - А.Рахымбаев (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдын Рахымбаев басқарған «Astana Motorsport»-тың қазақстандық экипажы жол талғамай жүретін көліктер санатындағы 143 қатысушының арасында өткен «Дакар-2015» ралли-марафонында 9-шы орынға ие болды. Бұл туралы шабандоз әлеуметтік желілер арқылы хабарлады.

«Дакар-2015 осымен аяқталды. «Astana» командасы ретінде, басты міндетімізді атқардық: жол талғамайтын көліктер арасындағы ең беделді есепте алғашқы рет үздіктер «ондығына», ал Бауыржан Исабаев - үздіктер «жиырмалығына» кірдік. Жүк көліктерінің есебінде Артур Ардавичус 22-ші болып келді. Бұл да жаман нәтиже емес. Биылғы жылы әлемдік БАҚ «Аstana» командасы туралы мықты бәсекелес ретінде жаза бастады!», - деп жазды ол Фейсбуктегі күнделігінің парақшасында.

А.Рахымбаев раллидегі бәсекелестік өте жоғары болғанын еске салды.

«Жол талғамайтын көліктер арасында 143 шабандоз болған, олардың әрқайсысы қандай да бір орын алуға таласты. Әлемнің ең беделді жарысында жол талғамайтын көліктер арасында мен үздіктер «ондығына» кіргеніме қуаныштымын!», - деп атап өтті шабандоз.

Естеріңізге сала кетейік, Айдын Рахымбаев басқарған «AstanaMotorsport» командасының жол талғамайтын көліктер санатындағы экипажы «Дакар-2015» ралли-марафонының қорытынды есебінде 9-шы орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар
telegram