Әлемдік БАҚ-та жария болған ең үздік фотосурет Қазақстан даласында түсірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - MSN (Microsoft Network) нұсқасы бойынша әлемдік БАҚ-та жария болған өткен аптадағы ең үздік 50 фотосуретті © AP Photo/NASA, Bill Ingalls тарапынан түсірілген фото бастап тұр.

Әлемдік БАҚ-та жария болған ең үздік фотосурет Қазақстан даласында түсірілді

Ол - «Союз ТМА-14М» ғарыш кемесінің қону аппараты бейнеленген фотосурет . Еске сала кетейік, 12 наурыз күні Қазақстан даласына сәтті қонған ғарыш кемесі аппараты ішінде үш ғарышкер болған. Олар: Барри Уилмор Александр Самокутяев және Еленой Серва.