Әлемдік БАҚ жағымсыз жаңалықтар таратуға әуес - Билл Гейтс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік БАҚ жағымсыз жаңалықтар таратуға әуес. Бұл туралы миллиардер Билл Гейтс Time басылымына берген сұхбатында айтты.

Әлемдік БАҚ жағымсыз жаңалықтар таратуға әуес - Билл Гейтс

Билл Гейтстің сөзіне қарағанда, біз өмір сүріп жатқан әлем дұрыс бағытта дамып келеді. Әлемде кедейлер саны жылдар санап төмендеп, балалардың 90%-ы білім алуда. Алайда БАҚ өкілдері жақсы жаңалықтардан гөрі, жаманды көріп, түймедейді түйедей етіп, елді дүрліктіруге, қорқытуға құштар.

«Жаман жаңалық елді елең еткізіп, жақсы істер елеусіз қалып жатыр», - дейді Microsoft компаниясының негізін қалаушы.

Билл Гейтс аталған басылымға берген сұхбатында жақсылықтан үміт үзбейтінін, біздің әлем жақсы істерге толы екендігін баса айтады.