Әлемдік байқауда қырғызстандық «Ұлы Жібек жолы» шақасы тарихи тақырыптағы ең үздігі атанды

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қырғызстан ең үздік тарихи шақа байқауында жеңімпаз атанды.  

Әлемдік байқауда қырғызстандық «Ұлы Жібек жолы» шақасы  тарихи тақырыптағы ең үздігі атанды

Krause Publications басылымы ұйымдастырған байқауда тарихи тақырыпта Қырғызстан Ұлттық банкінің 10 сомдық шақасы - «Ұлы Жібек жолы» ең үздік шақа болып танылды.

 Қазіргі заманның бет-бейнесін айқындайтын ең үздік тиын болып австралиялық Орталық банктің 25 еуросы танылды.

Сондай-ақ француздық 10 еуро «Ең үздік корольдік тиын» наградасына ие болды. Моңғолдық 500 тугриктер «Ең танымал тиын» аталымында біріші орынды иеленді.