Әлемдік экономика дағдарыстың ең қауіпті кезеңіне кіріп келеді - Дүниежүзілік банк

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Дүниежүзілік банктің «Жаһандық экономикалық перспективалар» деген тақырыптағы жаңа баяндамасына сүйенсек, әлемдік экономика қаржы-несие дағдарысының ең қауіпті кезеңіне кіріп келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дамушы елдердің жалпы ішкі өнімдерінің өсуі 2007 жылғы 7,9 пайыз көрсеткіштен 2009 жылы 4,5 пайызға дейін қысқарады. Тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қарқыны ол елдерде 3,5 пайызға дейін төмендейді, бұл несиелеудің жаһандық шарттарының қатаюымен және жоғары тәуекелдермен байланысты. Тікелей шетелдік инвестициялар 2007 жылдың төртінші тоқсанынан бастап өсу көрсеткіштері баяулап отырған дамыған елдердің экономикалық ахуалына тәуелді. Нәтижесінде, 2008 жылы тікелей шетелдік инвестициялар ағымы алдыңғы жылмен салыстырғанда, 10 пайызға қысқарып отыр.
Соңғы жаңалықтар