Әлемдік экономика дағдарысы тағы 2 жылға созылуы мүмкін

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚавзАқпарат - Еуропалық қаржылық тұрақтылық қорының басшысы Клаус Реглинг Германияның Еуропадағы, сондай-ақ Еуропалық тұрақтылық тетігіндегі рөлін түсіндірді.

Әлемдік экономика дағдарысы тағы 2 жылға созылуы мүмкін

Егер бірыңғай валюта бойынша келісімнің барлық мемлекет-өкілдері бюджетті шоғырландыруға қатысты міндеттемелерін орындап, сондай-ақ өздерінің бәсекеге қабілеттілігін жолға қоятын болса, Еуропалық аймақтағы борыш дағдарысын бір-екі жылда реттеуге болады, деп мәлімдеді ол. Клаус Реглинг бұл пікірін танымал апталық «Der Spiegel» журналына берген сұхбатында білдірді. .

Ол сондай-ақ өзінің қарамағындағы ведомствоның жүктелген міндетті ойдағыдай орындап отырғанына сендірді. «Егер біз болмасақ, Ирландия мен Португалия қазір еуроаймақта болмас та еді»,  деп пайымдайды Реглинг.