Әлемдік экономика дамуының кез келген сценарийіне дайын болуға тиіспіз - Ә.Жақсыбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік экономика дамуының кез келген сценарийіне дайын болуға тиіспіз. Бұл туралы бүгін елорданың экономикасын жақсартуға арналған жоспарды талқылау барысында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков айтты.

Әлемдік экономика дамуының кез келген сценарийіне дайын болуға тиіспіз - Ә.Жақсыбеков

«Әлемдік экономикалық ахуалға қатысты болжамның қолайлы емес екендігі белгілі. Сарапшылардың бағалауынша, бұл үрдіс таяу жылдардың ішінде сақталатын болады. Біз оның дамуының кез келген сценарийіне дайын болуға тиіспіз», - деді қала басшысы.

Осы ретте ол әлемде орын алуы мүмкін қиындықтарға қарамастан, Елбасы барлық қабылданған әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалуы тиістігін тапсырғанын еске салды.

«Бұл мәселеге қатысты Ұлт көшбасшысының Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары бар. Біз таяу болашақта басшылыққа алуға тиісті нақты бағдарлар мен басымдықтар белгіленді», - деді Ә.Жақсыбеков.