Әлемдік экономика шыңырау ернеуінен кейінге шегінді - ХВҚ басшысы Кристин Лагард
БЕЙЖІҢ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Әлемдік экономика сауығу жолына шыға алады, дегенмен бұл орағытуға арналған шағын ғана кеңістік әрі бұл жерде саяси қателікке бой алдыруға болмайды.
Бұл туралы бүгін Бейжіңде Даму-2012 қытай форумының ашылу салтанатында халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард айтты.
Оның атап өтуінше, бұған дейінгі бірнеше жыл әлемнің көптеген елдері үшін қиын болды. Тіпті осыдан бірнеше ай бұрын ғана жағдай өте бұлыңғыр еді. 2011 жылдың соңғы тоқсанындағы көрсеткіштер, әсіресе, Еуропа мен АҚШ үшін айтарлықтай сенімділік ұялата алған жоқ.
Ұжымдық күш-жігердің арқасында әлемдік экономика шыңырау ернеуінен кейінге шегінді. Дегенмен де барлық мемлекеттердің бірлесуі қажет бірқатар эконмикалық әрі қаржылық пробелмалар бар.
Біріншіден, қаржы жүйесі әлі де болса әлсіз және экономикасы дамыған көптеген елдерде мемлекеттік және жеке қарыздар өте көп сақталуда.
Екіншіден, мұнай бағасының артуы жаһандық экономикалық өсімге қатер төндіріп тұр.
Үшіншіден, орташа мерзімді болашақта дамушы елдердегі экономикалық белсенділіктің төмендеу тәуекелі артып келеді.