Әлемдік экономика жандана бастады - Халықаралық валюта қоры

ВАШИНГТОН.  Қазанның  2-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Халықаралық   валюта қоры 2009 жылы   жаһандық  жалпы ішкі өнімнің  1   пайызға   қысқаратынын  болжап  отыр.

Әлемдік  экономика   жандана  бастады - Халықаралық  валюта қоры

Дейтұрғанмен   әлем елдерінің дамыған  елдерінің  экономикасы    3,5   пайызға дейін төмендейді. 

Халықаралық валюта қоры сарапшыларының   пікірінше,    терең    рецессиядан    кейін  әлемдік  экономика  өсудің   оң  көрсеткіштерін көрсете  бастады.    Оған      сұранысты арттыру,  қаржы нарықтарындағы жүйелік    тәуекелдерді   азайту  жөніндегі  бұрын-соңды  жасалмаған  үкіметік  шаралар     сеп болып  отыр.

Дегенмен,   экономикалық  белсенділіктің  жандану  үрдісі  баяу  қарқынмен жүреді, дейді  сарапшылар.   2010 жылы    жаһандық   жалпы ішкі өнімнің   өсуі   3 пайызға  жуықтайды,  бұл     дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен  әдеуір  төмен.   Нарықтары енді  қалыптасып  келе жатқан  елдердің  экономикасы ағымдағы  жылы 1,75 пайызға, ал  келер жылы - 5 пайызға    кеңеюі мүмкін.