Әлемдік экономиканың өсімі бәсеңдейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры 2019 жылғы әлемдік ЖІӨ өсімі бәсеңдейтінін болжап, оны іргелі елдер экономикаларындағы келеңсіз өзгерістердің салдары деп түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат ХВҚ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Болжамға сәйкес, Ұлыбритания және еуроаймақ елдерінің ЖІӨ өсімі 0,3%, АҚШ-та 0,1% бәсеңдейді.

ХВҚ сәуірдегі «Әлемдік экономиканың перспективалары» атты шолуында әлем елдерінің 70 пайызының экономикасы соңғы онжылдықта ең төменгі көрсеткішке - 3,5%-дың орнына 3,3%-ға түсетіндігін атап өткен. Дегенмен 2020 жылы өсім бұрын жасалған болжамға сәйкес 3,6% болуы тиіс.

Өсімнің бәсеңдеуіне әкеп соқтыратын басты себептердің бірі «брексит» болуы мүмкін. Сондай-ақ ҚХР экономикасының өсу қарқынының бәсеңдеуі мен халықаралық сауда саясатындағы жағдайдың шиеленісуі де бұған зор әсерін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар