Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында SigmaBleyzer компаниясы инвестициялық мүмкіндік тауып, қазақстандық «Әсем-Ай» компаниясын сатып алды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Тікелей инвестициялардың халықаралық менеджері болып табылатын SigmaBleyzer компаниясы SBV-V-Қазақстан қоры арқылы «Әсем-Ай» минералды суын өндірушінің бақылаушы акциялар пакетін сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None
Бұл инвестиция өткізу рыногын кеңейтуге және жаңа өндіріс қуаттарын салуға бағытталатын қомақты қаржыны да қамтып отыр. Минералды су өндірісімен айналысқанына 11 жыл болған «Әсем-Ай» компаниясы Қазақстандағы минералды және асхана суы рыногындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның негізін қалаушы Мұхтар Кочкарев акционерлер қатарында қалып, компанияны басқаруды жалғастыра береді. «Әсем-Ай» сияқты жоғары сапалы компанияға инвестиция салу мүмкіндігіне біз қуаныштымыз. Мұхтар Кочкаревпен арадағы серіктестікті жоғары бағалаймыз: ол өсу әлеуеті жоғары, өте тартымды бизнес жасап отыр. «Әсем-Ай» компаниясын дамудың жаңа деңгейіне шығару үшін біз бірлесіп жұмыс істемекпіз. Оның үстіне, әлемдік дағдарысқа қарамастан, біз үшін жаңа, дегенмен аса тартымды Қазақстан рыногына алғашқы инвестиция салып отырғанымызға дән ризамыз. Қазақстанға жаңа инвестициялар салудың мүмкіндіктерін іздестіруді біз әлі де жалғастыра береміз», дейді SigmaBleyzer компаниясының президенті Майкл Блейзер.
Соңғы жаңалықтар