Әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс істеу қағидалары қайта қаралып жатыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс істеу қағидалары қайта қаралып жатыр. Бұл рейтинг агенттіктерінің жұмыстарынан да көрініс тауып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Кaspi bank баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның 10 банкі мен қаржы ұйымдарының рейтингін төмендеткен болатын. Kaspi bank-нің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің пайымдауынша, оны әлемдік қаржы дағдарысынан кейін рейтинг агенттіктері тарапынан туындаған қалыпты жәйт деп санауға болады. Өйткені қазір рейтинг агенттіктері ғана емес, әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс істеу қағидалары қайта қаралып жатыр. Бұл сыртқа берешігі жоқ банктер үшін ештеңені өзгертпейді. «Жалпы қазіргі таңда рейтингке қарап бағыт-бағдар жасайтындар көп емес. Сол себепті алдағы уақытта да Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде рейтингтердің төмендеуі жалғаса бермек. Өйткені дағдарыс кезінде дүниежүзінің барлық елінде де инвесторлар көп қаржы жоғалтты. Енді рейтингтер тек әлемде экономикалық жағдай түзелген кезде ғана көтеріле бастауы мүмкін», дейді М. Ломтадзе.
Соңғы жаңалықтар