Әлемдік кинорежиссер Айтматовтың шығармасы бойынша кино түсірмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал кинорежиссер Эмир Кустурица Шыңғыс Айтматовтың шығармасы бойынша кино түсіруге ниетті. Анықталғандай, бұл оның сүйікті авторларының бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
«Еуразия» халықаралық кинофестиваліне арнайы келген актер баспасөз өкілдерімен кездесті.
Оның айтуынша, егер отандық киноиндустрия мамандарынан қызықты ұсыныс түссе, оған қуана келіседі. Бастысы, жобаның тәрбиелік мәні және терең ойы болуы тиіс. Себебі қазіргі кинолардың 90 пайызының сапасы төмен екен.
Сондай-ақ Астанаға алғаш рет келген режиссер ел тұрғындарын бас шаһарымыздың туған күнімен құттықтады.
«Мен Астанаға келгеніме өте қуаныштымын. Өз көзіммен көрмесем бар болғаны 20 жылдың ішінде осындай көрікті қаланың бой көтеруі мүмкін емес дер едім. Кеше ұшып келгеннен кейін қала көшелерін, тұрғындарды көріп ерекше әсерге бөлендім. Мерейтойларыңызбен құттықтаймын, алдағы уақытта да ерекше жобалармен әлем жұртшылығын таңғалдыра беріңіздер», - деді Эмир Кустурица.