Әлемдік қуыршақ театрлары «Құралай» фестивалінде бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілде күні елордада Қазақстанның қуыршақ өнеріндегі бірінші кәсіпқой режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Астана қаласының Мемлекеттік Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Құралай Ешмұратова атындағы ІІ «Құралай» қуыршақ театрының Халықаралық фестивалі ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
None
None

1-4 шілдеде елордалық Қуыршақ театрының сахнасында Тунис, Босния және Герцеговина, Бельгия, Италия, Польша, Ресей, Түркия, Эстония, Сербия, Қазақстан мемлекеттерінің ұжымдары өнер көрсетеді.

Фестиваль Республика даңғылының бойымен «Жастар» сарайынан театрға дейінгі қатысушылар шеруімен басталады.  Қаланың кең көшелерімен ұлттық киім киген балалар мен артистердің сүйемелдеуімен үрмелі аспаптар оркестрі, бойшаң қуыршақтар, «Зара» шоу-балетінің артистері, ағашаяқпен жүрушілер шоуы жүріп өтеді. Шеру сағат 10:30-да басталады.    

Фестиваль бағдарламасының бірінші спектаклі сағат 13.30-да көрсетіледі. Мемлекеттік Алматы қуыршақ театры көрермендер назарына «Қаңбақ шал» халық ертегісін қояды. Екі сағаттан кейін «АДАДЖО» сахналық миниатюрасы көпшілік назарына ұсынылады. Бұл - Ресей мемлекеттік сахналық өнер институты қуыршақ театры факультетінің және «Културна сцена МАЛИ СТВАРИ ТРЕБИНЕ» (Босния және Герцеговина) театрының бірлескен шығармашылық жобасы. Қонақтардың бірі қойылымды тамашаласа, басқалары серб режиссері Амела Вученовичтің  «Қуыршақ және бала», «Адамгершілікке тәрбиелеу», «Қуыршақ ойнатушы артистің өнері» шеберлік дәрістеріне қатыса алады. Фестивальдің бірінші күні итялиялық «Верди» қуыршақ театрының интерактивті шоуымен аяқталады.

2 шілдеде сағат 10.00-де көрермендер стамбулдық (Түркия) «Қаракөз» қуыршақ театрының орындауындағы «Қоқыс құбыжығы» қойылымын көре алады. Содан кейін санкт-петерборлық Виктор Антонов «Жіптегі цирк» көрсетеді. Сонымен қатар, күндізгі бағдарламаға эстониялық «Projekt» театрының «Умка» қойылымы және «MarekWaszkiel» поляк театрының «ПОБУДКА, ПОДЪЕМ И СИЯНИЕ» туындысы енгізілді.

3 шілдеде фестиваль Тунис ұлттық қуыршақ өнері орталығының «Встреча» қойылымымен жалғасады. Бельгиялық «FigurenTheatreVlinders» театры «Кішкентай қара балапан туралы хикаяны» көрсетеді. Тамбов мемлекеттік қуыршақ театры «Жуча» қойылымын ұсынады. фестиваль елордалық Қуыршақ театрының «Мәңгілік бала бейне» спектаклімен аяқталады. Отандық драматург Роза Мұқанованың еңбегі 1949-1989 жылдары Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен балаларға арналған.

4 шілде күні кешке Астана қуыршақ театрының залында «Құралай» халықаралық фестиваліне қатысушыларды марапаттау және оның салтанатты жабылуы өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар