Әлемдік мұхиттың температурасы рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. Тамыздың  21-і. ҚазАқпарат -  Ғалымдар   климаттың  жаһандық  өзгеру  үдерісінің тағы  бір  айғағын   тіркеп  отыр.   Ғалымдардың айтуынша, әлемдік  мұхиттағы судың   температурасы    биыл  рекорд  орнатуда, 

Әлемдік мұхиттың  температурасы   рекордтық деңгейге   жетті

деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

АҚШ-тың  Климаттық мәліметтер жөніндегі  ұлттық  орталығының  мәліметтері  бойынша,   жер шарындағы  ашық су тоғандарының  орташа   температурасы       өткен шілде айында  Цельсий бағамы  бойынша 17 градусты  құраған,  бұл   осындай бақылау  жүргізіліп келе   жатқан  соңғы 130 жылдағы    абсолюттік рекорд.

Мамандардың  пікірінше,  мұндай көрсеткіштер    бірнеше фактордың    әсерінен   орын алып отыр.  Атмосфераның  ластануынан    туындап  отырған климатты «қолдан  өзгерту»   үрдісі мен     «парник әсерімен»  қоса,     Эль-Нино емес  Оңтүстік    толқыны  аталатын     жаһандық  мұхит-атмосфералық   құбылыс күшіне енген.