08:55, 20 Қазан 2017 | GMT +5
Әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында бейсенбі күнгі сауданың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда көрсеткіштеріне сілтеме жасап.

Сауда нәтижесі бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,92 долларға дейін түсіп, 57,23 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айындағы фьючерстері бір баррельге 0,75 долларға арзандап, 51,29 долларға түсті.