Әлемдік мұнай бағасы аздап өсті

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағасы бейсенбі, 25-ші қараша күні өткен айдың қорытындысы бойынша тұтыну белсенділігінің көбеюі аясында айтарлықтай аздап қана өсті, деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.

Әлемдік мұнай бағасы аздап өсті

Нью-Йорк биржасында NYMEХ (New York Merchantile Exchange) Light Sweet Crude Oil маркалы американдық жеңіл мұнайға қаңтар фьючерстерiнiң құны барреліне 0,32 долларға өсіп, 84,18 долларға дейін көтерiлдi.

Сауда қорытындысы бойынша IСE (InterContinental Exchange Futures) Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасына қаңтар фьючерстерiнiң бағасы барреліне 2,59 долларға өсіп, 86,25 долларға дейін жетті.