Әлемдік мұнай бағасы бірден өсті
АНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011жылдың 26 қаңтарындағы сауда қорытындысы бойынша InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 2,66 долларға өсіп, барреліне 97,91 долларды құрады, деп хабарлайды РБК.
Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 1,14 долларға көтеріліп, барреліне 87,133 долларды құрады.