Әлемдік мұнай бағасы қайта өсе түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк және Лондон биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнайдың бағасы қайта көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда көрсеткіштеріне сілтеме жасап.
None
None

Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,13 долларға дейін қымбаттап, 57,54 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,11 долларға қымбаттап, бір баррельге 51,67 долларды құрады.   

Соңғы жаңалықтар