Әлемдік мұнай бағасы құлдырап келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды саудада әлем бойынша мұнай бағасы төмендеп жатыр, бұған осы сауданың мәліметтері дәлел. Бұл туралы gazeta.ru хабарлайды.
WTI маркілі жеңіл мұнайдың шілдедегі фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,60% арзандап, барреліне 49,36 долларға дейін жетті.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайының шілдедегі фьючерстері 0,37% төмендеп, барреліне 51,65 долларды құрады.