Әлемдік мұнай бағасы өсе түсуде
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағасы 2010 жылғы 2 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша ICE (Лондон) және NYMEX (Нью-Йорк) биржаларында өсе түсуде, деп хабарлайды ресми БАҚ өкілдері.
Brent мұнай бағасының ресми бағасы Лондондағы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында 2010 жылғы 2 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша 0,79 долларға өсіп, 85,41 долл./барр құрады.
WTI мұнай бағасының ресми бағасы Нью Йорктағы (Light Sweet) жедел тауар биржасында Нью-Йоркете New York Mercantile Exchange (NYMEX) 2010 жылғы 2 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша 0,95 долларға көтеріліп, барреліне 83,90 долларды құрады.