Әлемдік мұнай бағасы тағы төмендеп барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі мұнай бағасы саудада АҚШ «қара алтын» қорының молдығынан төмендеп барады.
Мәскеу уақытымен сағат 07.21 жағдай бойынша наурыз фьючерстерінің Brent маркілі мұнай баррелінің құны 0,86% төмендеп, 57,41 долларды құрады, деп хабарлады РИА Новости . Наурыз фьючерстерінде WTI маркілі мұнай баррелінің бағасы 1,75%-ға - 52,12 долларға дейін төмендеді.
Американдық мұнай институтының мәліметінше, өткен аптада АҚШ-тың «қара алтынының» қоры 6 миллионнан астам баррельге - 411,2 миллион баррельге дейін көбейген. Осылайша, мұнай қоры елде бес апта бойы ұлғайып келеді.
BP бас директоры Боб Дадлидің (Bob Dudley) сөзіне қарағанда, мұнай бағасы кем дегенде бір жыл төмен болады. Бұл бірнеше жылға созылуы мүмкін.