Әлемдік мұнай бағасы түсе бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда-саттықта мұнайдың бағасы төмендеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,06%-ке төмендеп, бір баррельге 58,12 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айында жеткізілетін фьючерстері 0,06%-ке төмендеп, бір баррель қара алтынның бағасы 52,01 доллар болды. 

Соңғы жаңалықтар