Әлемдік мұнай бағасы ұзақ өсуден кейін қайта төмендеді
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Әлемдік мұнай бағасы 2010 жылдың 9 қарашасындағы сауда қорытындысы бойынша ICE (Лондон) және NYMEX (Нью-Йорк) биржаларында төмендеді, деп хабарлайды республикамыздың ресми БАҚ өкілдері.
Brent мұнай бағасының ресми бағасы Лондондағы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында 2010 жылғы 9 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша 0,13 долларға төмендеп, 88,33 долл./барр құрады.
WTI мұнай бағасының ресми бағасы Нью Йорктағы (Light Sweet) жедел тауар биржасында New York Mercantile Exchange (NYMEX) 2010 жылғы 2 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша 0,34 долларға төмендеп, барреліне 88,33 долларды құрады.