Әлемдік мұнай биржаларында баға әртүрлі қалыптасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күнгі Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы шикізат сауда-саттығында мұнайдың бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің баррелі 0,11 долларға дейін қымбаттап, 58,44 долларға жетті.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы желтоқсан айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің баррелі 0,29 долларға арзандап, 52,18 долларды құрады.