Әлемдік мұнай нарығында мұнай бағасы көтерілді
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Еуропаның бірқатар елдерінде аязды ауа райының орын алуына орай, дүйсенбі күні әлемдік нарықтарда мұнайдың бағасы біршама көтерілді.
Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлайды.
Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстерінің бағасы, кешегі сауданың қорытындысы бойынша, 1,54 долларға көтеріліп, 87,34 доллар/баррелді құрады.
Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil мұнайының қаңтар фьючерсінің құны 1,97 долларға қымбаттап, 85,73 доллар/баррелге жетті.