Әлемдік нарықта қант бағасы қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қант шикізатының мамырдағы фьючерстері қор нарығында сауда-саттық жабылар кездегі бағамен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, бір фунты үшін 0,14 доллар шамасында саудаланып отыр. Бұл Нью-Йорктегі ICE Futures US биржасының ақпараттарында келтірілген.

Әлемдік нарықта қант бағасы қымбаттады

Бұл өсім соңғы 23 жылда, 1993 жылдың наурыз айынан бергі рекордтық көрсеткіш. Сонымен бірге ICE Futures Europe нарығында ақ қанттың мамырдағы фьючерстері 6,1 пайызға - 395,9 долларға дейін қымбаттады.

Бағалардың күрт өсіміне қант тапшылығын болжап отырған Халықаралық қант ұйымының (ISO) мәлімдемесі себепші болды. Ұйымның бағалауына сәйкес, тапшылық 5,02 млн тонна деңгейде болады деп күтілуде. Еске сала кетсек, аталмыш ұйым қараша айында дефицит 3,5 млн тонна деңгейінде болады деп болжаған еді.