Әлемдік нарықтағы астық бағасы көтеріліп келеді - А. Мамытбеков

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат  - Әлемдік нарықта астық бағасының жоғарылағандығы туралы  бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Әлемдік нарықтағы астық бағасы көтеріліп келеді - А. Мамытбеков

Оның атап өтуінше, Халықаралық астық кеңесі 2012-2013 маркетинг жылындағы әлемдік бидай өндіру болжамдарын 665 млн. тоннаға азайтып, мамыр айының болжамынан 6 млн. тоннаға, ал былтырғы мезгілден 30 млн. тоннаға кеміткен. Бұл АҚШ, Еуропалық одақ, Австралия, Аргентина, Ресей, Украина сынды негізгі астық өндіруші және экспорттаушы елдердегі құрғақшылыққа байланысты болып отыр.
"Соның нәтижесіне орай әлемдік нарықтағы астық бағасы 35-89 АҚШ долларына көтеріліп, 315-349 долларға жетті, Қазақстандағы ішкі баға жыл басынан бері 124-тен 200 АҚШ долларына көтерілді. Ал Қара теңіз порттарында, 270-тен 315-АҚШ долларына дейін шарықтады», деді министр.